Әлем таныған Астана

0
121
Фото авторы А.Нұршанов

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдық мерейтой қарсаңында политехникалық колледжде “Әлем таныған Астана” атты семинар өтті.

Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, “Нұр Отан” партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова, І.Жансүгіров  атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Дүйсен Аңсабаев, политехникалық колледж директоры Ерхат Мұқажанов қатысты. Баяндамашылар Астананың қалыптасу кезеңі, жеткен жетістігі, кешегісі мен бүгіні, “болашақтың қаласы” атанған шаhардың алдағы алар асуы жайында ой өрбітті. “Астана – мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы” атты тақырыпта пікірін білдірген Гүлсара Тастандықызы жыл сайын білім басқармасы дарынды оқушылар мен  әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларын кезең-кезеңімен Елордаға жіберіп отыратындығын тілге тиек етті.

Фото авторы А.Нұршанов

“Нұр Отан” партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев “Биылғы жылы Отанымыздың жүрегі, егеменді Қазақстанның көрнекті жетістіктерінің ұстаханасы  Астана өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бүгінгі таңда елдің төрі  Елордамыз — барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаhарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. 1999 жылғы шілдеде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның “Әлем қаласы” сыйлығымен марапатталды. Астана әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4 бірдей съезін өткізген әлемдегі жалғыз қалалардың бірі. Елбасымыз “Бізде рух байлығы бар. Ол бәрінен бұрын – отаншылдық сезім, қазақстандық патриотизм. Оның басты өлшемі – татулық, тыныштық, тұрақтылық” –деген болатын. Күллі әлем Қазақстанды “Халықтар достығының лабораториясы” деп атаған ортақ шаңырағымызда бейбітшілік болсын. Астана – қазақ елінің жарқыраған жақұты, асқақ рухы және ұлттық мақтанышы”-деп атап өтті. Айта кетейік, мерейтой аясында тіл басқармасы тарапынан түрлі ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. “Астана – жаhандық бастамалар орталығы” атты дөңгелек үстел, “Астана –бейбітшілік бесігі” облыстық әдеби байқауы, “Арман қала – Астана” латын графикасында эссе жазу байқауы соның дәлелі. Шара соңында  аталмыш жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегерлері Мұхтар Күмісбек пен Қозыбай Құрман Елордаға арнаған жырларын оқыды.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here