Қала әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаевтың 8-ші баласы дүниеге келді

0
328

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары М.Көлбаевтың 8-ші баласы дүниеге келді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Бұл жөнінде Мәрлен Қапашұлы бүгін «Мектеп лигасы» бағдарламасы аясында өткен футболдан қалалық Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде өзі айтып берді.

«Қуанышты бөліссе ғана көбейеді дейді ғой. Сүйінші ағайын! Бүгін сегізінші балам өмірге келді», — деді қала әкімінің орынбасары.

Залда отырған жұрт қошемет көрсетіп, қуанышты жаңалыққа ортақ екендіктерін білдірді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here