Жастар ісі жөніндегі басқармада — жаңа басшы

0
44
Дереккөз

                                             Тағайындау

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ерлан Жұмашұлы Жақұпов облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы лауазымына тағайындалды.

 Ерлан Жұмашұлы ЖАҚҰПОВ

1987 жылы туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих бакалавры мамандығы бойынша бітірген, гуманитарлық ғылым магистрі ғылыми дәрежесіне ие.

Еңбек жолын Семей қаласында «Триада II» өндірістік кооперативінде жұмысшы болып бастаған.

Әр жылдарда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік жастар еңбек жасағы штабының нұсқаушысы, штап бастығының орынбасары, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, Өскемен қаласындағы № 2 мектеп-бақша гимназиясының аудармашысы, Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің ресми сайтының аудармашысы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, сектор меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болды.

2017 жылдың маусым айынан – Алматы облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы.

«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты http://www.zhetysu.gov.kz»

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here