Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді!

0
98
Дереккөз

Құрметті Алматы облысының тұрғындары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акцияның басталу  туралы хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты:

— азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін артуы;

  • халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
  • азаматтарды қызмет, тауар, жұмыс тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Акция электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізілуде.

Акция 2018 жылдың 21 мамырынан бастап қараша айының 30-на дейін өтеді.

  «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды түбіртек фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

 Акцияға қатысушыларға да, түбіртек санына да шектеу қойылмайды.

Бұл ретте, бір түбіртек бір ұтыс билетіне теңеледі.

Акцияға қатысу үшін:

  • түсірілген түбіртектің сүретін жолдау қажет;
  • бір түбіртек жеке бір сүрет болыу қажет;
  • жолданған түбіртекте ЖСН/БСН, күні, уақыты, қорытынды

сомасы, фискалдық белгі анық көрінуі тиіс;

  • түбіртекте фискалдық белгі — ФП, Ф, F, фискалдық, фискалдық

түбіртек жазбасы болуы керек; түбіртектің түпнұсқасын сақтау міндетті емес;

  • «Wipon» мобилді қосымшаны жойған жағдайда алдынғы жолданған түбіртектер есепке алынбайды;
  • қайталап жолдаған түбіртектер есепке алынбайды;
  • жолданған түбіртекте алынған тауарлардын күні және уақыты 2018 жылдын 21 мамырынан ерте болуы керек.

Ұтыс жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Қаншалықты көп түбіртек жолданса, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де өсе түседі.

Ай сайын Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде ұтыс ойыны өткізіледі.

Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы жүлделер ойнатылады, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер  департаменті

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here