«Көздегі интернет, сөйлейтін чип». Алдағы 30 жылда не болады?

1
72
Дереккөз

Бүгін елордада басталған АЭФ Global Challenges Summit 2018 жұмысы үш күнге, 19 мамырға дейін жалғасады.

Тегі жапон америкалық физик Митио Каку АЭФ Global Challenges Summit пленарлы отырысында әлемде алдағы 30 және 100 жылда болатын жаһандық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ғалымның айтуынша, алдағы отыз жылда «компьютер» сөзі ағылшын тілінен мүлде жойылады.

«Мен алдағы 30-100 жылға оптимизммен қараймын. Неге? Таяудағы 30 жылда компьютерлік чиптер бір пенниден арзан тұратын болады. Компьютер билігі, электр энергиясы сияқты, барлық жерде болады, бірақ көзге көрінбейді. Шын мәнісінде «компьютер» сөзі ағылшын тілінен жойылады. Электр энергиясы сияқты, ол қазірдің өзінде біздің қолданыста жоқ. Компьютерлік чиптер дегеніміз – интернет сіздің көз линзаңызда деген сөз. Ол жарқ еткенде, сіз бірден онлайн режимге шығасыз. Мұндай көз линзаларын алғашқы болып кім сатып алады және қолданады? Олар соңғы емтиханын тапсырып жатқан студенттер. Олар көзді ашып-жұмғанда, линзадан емтихан сұрақтарының жауабын көре алады. Оның үстіне, линза барлығын әр түрлі тілге аударатын болады»,- дейді Каку.

Оның айтуынша, болашақта адам органдарын суретке түсіретін чиптер шығарылады. Интеллектуалды чиптер санаулы минутта адамның денсаулығы туралы ақпарат береді.

«Сіздің қаныңыздағы микроскопиялық чиптер ішкі органдарыңызды суретке түсіріп, ақпарат береді. Бұл жаңашылдық адамның өмір сұру ұзақтығын арттыруға сеп болады. Сонымен қатар, адам органдары сатылатын дүкен ашылады. Одан кез келген адам көзін, терісін, бауырын, мұрнын және тағы басқа органдарын алмастыра алады. Барлық орган зертханаларда өсіріледі», — деді ғалым.

Каку болашақта «өсіріп шығаруға» болатын органның бірі бауыр екенін айтты.

«Қазірден бастап ішімдікті қалағаныңызша ішуіңізге болады, себебі адамның бауыры зертханаларда өсіріледі. Микроскопиялық чиптер ақылды болады, олармен сөйлесе аласыз, олар да сізбен сөйлеседі. Мұның барлығы алдағы 30 жылда дүниеге келетін жаңашылдықтар», — деді белгілі физик.

Сонымен қатар, Каку алдағы 100 жылда әлем халқын не күтіп тұрғанын айтты.

«Мен ғалымдармен сөйлескен кезде, олар 100 жылдан кейін бізде Құдайлардың билігі болады деді. Венераны еске түсіріңіздер, оның денесі мінсіз, мәңгі болатын… Медицина ауруларды емдеуден «мінсіз адам денесін» жасуға көшеді. Бұған қоса, біз Күннің күшін пайдаланатын боламыз. Біз қазір миды компьютерлерге қосып жатырмыз. Телепатия, телекинез… Интернеттің болашағы – Brainnet-те (brain — ми). Эмоциямызды, сезімдерімізді интернет арқылы жеткізетін дәрежеге жетеміз. Бұл көңіл көтеру индустриясын өзгертеді. Brainnet арқылы басқаның эмоциясы мен көңіл-күйін қабылдау мүмкіндігі болатындықтан, ешкім кинотеатрға бармайды», — деді футуролог.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here