Елімізде жүзін жасырып жүруге заңмен тыйым салынды

0
25
Дереккөз

Елімізде азаматтарға жүзін жасырып жүруге заңмен тыйым салынды, деп хабарлады ktk.kz  тілшісі. Енді жұмыста,  қоғамдық  орындарда  бетті тұмшалайтын, адамның түрін тануға кедергі келтіретін киім киюге болмайды. Дін істері министрлігі әзірлеген жаңа құжатты Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

Қоғамдық орындарда, адам көп жүретін жерде және жұмыста жүзіңізді  жасыруға мүлдем болмайды.  Діни наным-сеніміне қарамастан кез келген азаматтың бет-әлпеті ашық  болуы тиіс.  Жұрттың үстіндегі киімін үш бірдей ведомства: Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қатаң бақылап отырады. Ал, заңды бұзғандарға жүздеген мың айыппұл салынады.

Дархан Қалетаев, Дін істері және азаматтық қоғам министрі: -Киім-кешек кезінде бет-әлпеті жабылмау керек. Ең бірінші талаптың бірі.  Бірінші ескерту, содан кейін айыппұл. Жеке басты азаматтарға 30 АЕК басталып, содан кейін 50 АЕК айыппұл. Ұйымдарға 100 ден 200 АЕК салынуы мүмкін.

Шенеуніктер жаңа заң қабылданған соң діни бірлестіктермен бірігіп қысқа балақ пен қауға сақалдыларға да  ортақ  тыйым  ойлап таппақ.

Сонымен қатар, бұдан былай мешіт, шіркеуден өзге жерде діни жоралғылар жасауға да болмайды.  Мәселен, дін жолымен неке қию үшін ерлі-зайыпты міндетті түрде  мешітке келуі тиіс немесе үйде өткізеді. Және осы заңда дінсіздер мен діннің шарттарын қатаң ұстанған азаматтардың құқығы теңестірілмек. Ал ел азаматтарының 15 пайызға жуығы атеист екен.

Жаңа заң бойынша  мешіт, шіркеу мен діни ұйымдардың барлығы мемлекетке кіріс пен шығыс жайлы  есеп беруге міндеттелді. Ресми тіркелген діни ұйымның барлығы жылына бір рет газет, журналға  табысы туралы ақпарат  жариялауы  тиіс. Бұл мешіттерге де қатысты. Қазір елімізде 2 жарым мыңнан  астам мешіт бар екен. Себебі, садақа салатын жәшіктерге түсетін қаржы  мен имамдарға  көлік, ақшалай, заттай берілетін сыйлықты есепке алу керек деген  ұсыныс жиілеп кетіпті.

Министр  азаматтар бос уақытта немесе басшымен келісіп жұмыс кезінде құлшылық етуге құқылы. Оған ешкім кедергі келтірмейді дейді. Дін істері туралы заң жобасын  Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Төменгі палата құжатты  екінші оқылымда тағы талқылайды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here