Драмалық шығармалар байқауының қорытындысы жарияланды

0
88
Дереккөз

Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының бір жыл бұрын жариялаған  республикалық «Ел тарихы-Жер тарихы» драмалық шығармалар байқауының  қорытындысы жарияланды.

Қаламгерлердің туындыларын жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков, «Өнертану» ғылымдарының кандидаты, театр сыншысы Анар Еркебай, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін талдап, бағалады. Аталмыш сайысқа облысымызбен қатар Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан 8 үміткер қатысып, бақ сынады. Жазушы, драматург Дулат Исабеков «Қазір режиссерлердің барлығы драматургия жоқ дегеннен бастайды. Облыс басшылығы осының орнын толтырайын десе керек. Бізді қуантатыны жастардың көптеп қатысуы. Жас буынның драматургияға келгеніне қуаныштымыз. Драматургия қиынның қиыны. Оның қиындығы неде? Ол жазу процесінде емес. Оның лексиконында «білмеймін» деген сөз болмауы керек. Мәселе осында. Драматург болу үшін барлығын білу керек»-деп пьесалардың көркемдік жағынан деңгейінің жоғары екендігін атап өтті.  Байқау қорытындысына сәйкес Мұрат Қолғанаттың  «Орбұлақ» шығармасы ең үздік деп танылды. Айта кетейік, аталмыш тарихи драма келесі жылы театр сахнасында қойылмақ. «Бұл маңызы зор тарихи шығарма. Бас жүлдені алғаныма өте қуаныштымын. Осы орайда облыс басшылығына, театр ұжымына алғысымды білдіремін. Пьеса оңайлықпен жазылмайды. Ең әуелі уақыт қажет. Сонымен қатар тарихи бағытта болғандықтан арнайы зерттеулер жүргізіп, деректерді анықтау қажет. Қиындықтар да болды. Себебі жауапкершілік мол.  Мұнда қара бастың қамы емес, тұтас елдің, жердің тарихы тұр».

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here