Азаматтық бақылау жобасы жалғасуда

0
36
фото Сымбат Исрапулова

Алматы облысында «Азаматтық бақылау» жобасы жалғасуда. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен қолға алынған бұл жоба қарапайым халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы ғимаратында  қоғамдық қабылдау өткізіліп, жобаның жаңа міндеттерін түсіндірген  департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев: «Азаматтық бақылау» жобасының негізгі мақсаты – облыс аумағында қоғамдық қабылдау өткізу, және «Азаматтар үшін Qamqor» қосымшасының диспетчерлік орталығын құру. Осы арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оған қарсы мәдениет қалыптастыру, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру көзделген. Алдағы уақытта  жаңа жоба Қазақстан Республикасының заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексінің бұзылуына жол бермеу сұрақтары бойынша азаматтық бастамалардың орталығына айналады деген сенімдеміз»  – деді.
Нақтырақ айтсақ, «Азаматтық бақылау» жобасы «Азаматтар үшін Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы күнделікті келіп түсетін өтініштерді құзіреттері органдарға жолдайды. Сонымен қатар өтініштердің тез орындалуы бойынша мониторинг жүргізіп, тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету көзделген.  Қоғамдық қабылдау демалыс күндерден сырт күнделікті жүзеге асырылады. Алматы облысының арнайы қадағалау тобының мүшелері қоғамдық қабылдау жұмыстарын осы жоба аясында іске асырмақ.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here