Ардагерлерге құрмет көрсетілді

0
101
Дереккөз

Талдықорған қаласында Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 73 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. №13 орта мектептің оқушылары мен ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері ұйымдастырған шараның мақсаты – елі үшін қан майданда шайқасқан, отты жылдарда еліне қорған болған ардагерлердің ерліктерін жас ұрпаққа үлгі ету.

Жиын соғыста қаза тапқан ардагерлерді еске алумен басталды. Оқушылар өлең жолдарын арнап, патриоттық әндер шырқалды, сұрапыл соғыс күндерінен үзінді көрсетілді. Ардагерлерге деген ыстық ықыластары мен алғыстары есебінде шағын сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.

  • Ауыр да азапты жылдарды да бастан кештік. Бүгін бейбіт заманда өмір сүргенімізбен сол зұлмат күндер санада өшпейді екен. Ел үміт артқан қанша арыстай азамат соғыстан қайтпады. Бірақ сол соғысқа аттанған, тылда тынбай еңбекеткен азаматтарымыздың, әйел-аналарымыздың арқасында жеңіске жеттік. Соғыс болмасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деді тыл ардагері Мереке Серғазин.

Соғыс ардагерлері кезекпен сөз алып, осындай сый-құрметтің арқасында аман-есен жүргендерін жеткізді. Жұртшылықты Ұлы Жеңіс мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.

  • Осы күнді сіздердің арқаларыңызда қарсы алып отырмыз. Дендеріңіз сау болсын, дәстүрлі түрде өткізілетін осы шарамыздан әрқашан сіздердікөрейік, — деді №13 мектеп директоры Гүлнәр Омарова.

Сондай-ақ, мектеп директоры 48386 әскери бөлімініңәскери қызметшілердің отбасымен жұмыс қызметінемектепке көрсетіп келе жатқан демеушілік жұмыстары үшін ерекше алғысын білдірді.

  • Біздің мектептегі арнаулы сыныптарда мүгедек, жағдайы төмен отбасылардың балалары оқиды. Жыл сайын материалдық, моральдық көмек көрсетіп, оқушылар үшін әскери бөлімдерде Ашық есік күндерін өткізіп, әскерилердің тыныс-тіршілігімен таныстырып келе жатқан кіші сержант Ә.Сехимбаева мен Н.Чаловаға алғысымды білдіремін, — деп атап өтті.

Мерекелік шара аяқталған соң ардагерлер үшін арнайы дастархан жайылып, қонақасы берілді.

Жалпы, Алматы облысында 190 Ұлы Отан соғысының ардагері, 13 мыңға жуық тыл ардагері бар.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here