Мұражайға виртуалды саяхат

0
159
Фото авторы Д.Сағындық

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Жетісу 3600” жобасының кезекті таныстырылымы өтті. “Жетісу 3600” бұл виртуалды 3D форматында Алматы облысында орналасқан  жиырмадан астам музейді көруге мүмкіндік. Сондай-ақ Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында жүзеге асқан облыстағы “Сандық Жетісу” бағдарламасының алғашқы жобасы.

Еліміздің тұрғындары мен қонақтарына ендігі кезекте үйден шықпай-ақ аймағымызда орналасқан 22 мұражайға саяхат жасауына мүмкіндік мол. WWW.ZHETYSU360.KZ сайты арқылы қалаған мұражайды таңдап, сандық мультимедиа арқылы экспонаттарды суретке түсіріп, олардың тарихымен танысады. Пайдаланушы тек бейнелерді көріп қана қоймай, сонымен қатар үш тілде ақпарат алады. Айта кетейік, Елбасы Алматы облысына жасаған іссапары барысында аталмыш жобамен кеңінен танысып, сәттілік тілеген болатын.

Фото авторы Д.Сағындық

Жоба авторы Мирхат Толқынов “Бағдарлама Елбасы тапсырмасындағы міндеттерді жүзеге асыру барысында қолға алынды. Бұл жоба ең әуелі кез келген адамға қолайлы. Мейлі ол еліміздің азаматы болсын, мейлі шет елден келген турист болсын. Өзін қызықтырған мұражайды сыртқа шықпай көре алады. Жақын арада әлеуметтік желі арқылы кеңінен таныстырамыз”-деп бұл қатарға алдағы уақытта сакралды орындар мен туристік аймақтарды да қосу жоспарда бар екендігін тілге тиек етті.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here