Телевидениеде аналогтық хабар тарату тоқтатылады

0
113

«2018 жылдың қазан айында Маңғыстау облысында телевидение аналогтық хабар таратуды тоқтатады. Өңір халқы 100 пайыз сандық хабар тарататын телевидение көреді. Ал, 2020 жылдың соңына дейін еліміздің барлық аумағында телевидение аналогтық хабар таратуды тоқтатады». Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың баяндамасынан белгілі болды.

«Бүгінде министрлік тарапынан «Отау ТВ» жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта біз ақылы «Отау +» пакетін тұтынушыларға ұсынамыз. Айына 500 теңге төлеген абоненттер елімздің арналарымен қоса шетелдік танымдық телеарналардың өнімдерін көре алады» деді министр.

Телевидение саласы мамандарының айтуынша, сандық хабар тарату форматына көшу шығыны баршылық. Жиын барысында осы мәселе жөнінде ОҚО журналисі «Спутниктік хабар тарату тарифтері өсіп жатыр. Ол неге негізделген? Қалай есептеледі? Жекеменшік арналарға қиындық туады ғой?» деген сұрақ қойды. Минситрдің айтуынша, телевидение – шығыны мол сала. «Тарифтер әлі толық бекітілген жоқ. Бірақ, оның өсетіні анық. Соған дайын болуымыз қажет» деді Д.Абаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here