Талдықорғанда республикалық композиторлар байқауы өтті

0
185
Дереккөз

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында, Астана қаласының 20 жылдығына орай I республикалық “Елге арнау” атты жаңа өнер туындыларына арналған композиторлар байқауы өтті.

Мұндағы мақсат – заман талабына сай музыкалық шығармалар мен қоғамдық маңызы зор патриоттық әндерді жарыққа шығару, отандық авторларға қолдау көрсету, өнер ұжымдары мен концерттік бірлестіктердің репертуарлар қатарын  жаңа туындылармен толықтыру. Байқау екі номинация бойынша өтті. Алғашқысы  оркестрлерге және ансамбльдерге арналған көлемді және кіші музыкалық шығармаларды қамтыса, екіншісі “Ең үздік ән” бағыты. Мұнда  композиторлар туындыларына Отан, туған жердің батырлары мен ақындарын, еңбек ерлерін арқау ету керек. Кәсіби қызметкерлерден жалпы елуге жуық өтінім түсіп, 18 үміткер финалға жолдама алды. Олардың өнерін композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбеков, композиторлар  Бейбіт Оралұлы мен Ермұрат Үсенов, облыстық “Жетісу” газетінің бас редакторы, ақын Әміре Әрін, халықаралық байқаулардың лауреаты, композитор Алтынай Балтатегі саралады. Қазылар алқасының төрағасы Серік Еркімбеков “Осындай маңызы зор байқаудың тұңғыш рет Жетісу жерінде өтуімен баршаңызды құттықтаймын. Бізді қуантқаны шығармалар санының көп болуы. Қатысушылардың кәсіби деңгейі өте жоғары”-деп атап өтті. “Қазіргі заманда рухани құлдырап бара жатқанымыз жасырын емес. Осындай сәттерде ұлттық құндылығымызды, музыкамызды дәріптейтін байқаудың ұйымдастырылғанына  қуаныштымыз. Кез келген өнер адамы киелі сахнаның құдіретін ұмытпауы, сахнаны сыйлауы қажет. Осы бағыттағы шаралар жиі өтуі  және оны кеңінен насихаттауымыз керек”-дейді композитор Бейбіт Оралұлы.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here