Рухани жаңғыру – жалпыға ортақ құндылық

0
52
Дереккөз

Облыстық білім басқармасы мен “Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы” қоғамдық қорының ұйытқы болуымен “Рухани жаңғыру – жалпыға ортақ құндылық” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аяған Бүркітбай, ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Бибі Әбілкәрімова, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ғайни Ділімбетова, қоғам қайраткері, “Парасат” орденінің, “Тіл жанашыры” құрмет белгісінің иегері Асылы Осман қатысып, қоғамдық маңызы зор мәселелерді  талқылады. Алғаш болып сөз алған Аяған Бүркітбай “Қазіргі жастар шетелдік әртістердің атын жатқа біледі де туған жер тарихын біле бермейді. Өзімізді жақсы тануымыз үшін туған жер тарихын білуіміз аса қажет. Ұлттық құндылықтармен жүретін халық болуымыз керек. Сырттан келетін идеологияға жол бермеуге тиіспіз. Сонда ғана әлемге қазақ мәдениетін таныта аламыз”-деп “Туған жер” бағдарламасының өзектілігіне тоқталып өтті. Баяндамышылар “100 жаңа оқулық”, “100 жаңа есім”, латын әліпбиі жайында көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Конференция барысында Асылы Осман “Елбасы “Рухани жаңғыру” бағдарламасы арқылы бізге ұшу алаңын жасап берді. Оның қаншалықты деңгейде самғайтыны сіздер мен біздерге байланысты. Мен бұған дейін де айтып келемін, бәсекеге қабілетті болу үшін білім қажет. Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы тиіс. Бізде экономика, саясат мәселесі жолға қойылғанмен, тәрбие жағы кемшін түсіп тұр. Тәрбиенің ең негізгі ошағы – отбасы. Ата-ананың жауапкершілігін арттыра білгенде ғана отбасы құндылығы артып, тәрбие мәселесі өз деңгейінде жүзеге асады”-деді.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here