Пауэрлифтинг шебері Раушан Қойшыбаева оқушыларға шеберлік сағатын өткізді

0
42

Талдықорған қаласының дене шынықтыру, білім, және ішкі саясат бөлімінің, облыстық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт мектебінің ұйытқы болуымен Абай атындағы №1 орта мектепте чемпионмен шеберлік сыныбы өтті.

Аталмыш шара «Отаным – тағдырым» жобасы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау акциясы аясында іске асып отыр. Естерңізге сала кетсек, чемпионмен шеберлік сыныбы өткен жылдың қазан айынын бері үзбей өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат – әлемдік ареналарда топ жарып жүрген саңлақтарымызды мектеп оқушыларына үлгі ету.

Бұл жолы білімгерлермен 2016 жылы Бразилияда өткен жазғы Паралимпиада ойындарының пауэрлифтингтен күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева кездесті.  Шеберлік сабағын жүргізген спортшы оқушыларға жақсы білім алып, еліміздің патриоты болуға шақырды. Сабақ соңында білімгерлер спортшымен естелік суретке түсіп, оның қолтаңбасы қойылған күнтізбеге ие болды. Қызықты өткен кездесуден, оқушылар ерекше әсер алып тарқасты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here