Отандық телеарналардың қызметі артатын болады

0
123
Дереккөз

Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халық алдында есеп беру жиыны өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Министр өткен жылды қорытындылап, алдағы атқарылатын жұмыстар легімен таныстырды. Айтуынша, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар ендігіде арнайы цифрлық желі сигналын қабылдайтын құрылғылармен қамтамасыз етілетін болады. Яғни, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін ел аумағын ақысыз санды форматқа кезең-кезеңмен көшіру жобасы қолға алынған. Сонымен қатар, жиын барысында отандық телеарналардың қызметін әлеуметтік желілер арқылы тарату, интернет-ресурстардың дамуы мен ақпарат қауіпсіздігі жөнінде де сөз болды.

Скретті түсірген Аслан Қажеке

Ведомство басшысының есебінен кейін көпшілік көкейде жүрген сауалдарын қойды. Айта кетейік, шара барысында телекөпір арқылы байланысқа шыққан облыс орталықтарынан да сұрақтар қойылды. Алматы облысы әкімдігінің кіші залына жиналған БАҚ өкілдері де министрмен тілдесіп, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Облыстық «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Досан Атантелов 2 млн. астам халқы бар облысқа бір радио керек екендігін айтып, осы мәселеге ықпал етуін сұрады. Бұл сауалға: «2017 жылы радио желісіне байланысты арнайы байқау өткізген болатынбыз. Бірақ, сіздерден ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Конкурс биыл тағы да өтетін болса, қатысуларыңызға болады. Өтініштеріңіз назарға алынды», — деді Д.Абаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here