Көңілді тапқырлар сайысы өтті

0
113
Дереккөз

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, Жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ  ұйымдастыруымен «T-IMPROVISE»  көңілді тапқырлар сайысы өтті.

Аталмыш сайыстың өзге жайдарманнан басты ерекшелігі — қатысушылардың дайындықсыз келулерінде. Яғни, дайын сценарий арқылы емес, әзілді сахнада шығарды. Оған  қаламыздағы  жайдарманшылардан 8 үздік ойыншы таңдап алынған. Атап айтар болсақ «Доллар» құрамасынан Айдос Сман, «Креатив» құрамасынан Айдар Болатбеков, Руслан Самидолданов, «Брэнд» құрамасынан Жанат Абылайханов, Нұркен Қойшыбаев, Ерасыл Сембеков, «Жарлыөзек» құрамасынан Есілжан Хуандық, «Политеx» құрамасынан Диас Сейдахмет. Қатысушылар  «Таныстыру», «Түсініп көр», «Оқиға», «Мачо» сынды төрт кезең бойынша өзара сынға түсті. Нәтижесінде III орынды Есілжан Хуандық, II орынды Нұркен Қойшыбаев, I орынды Жанат Абылайханов  иеленді.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here