Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы

0
115

Бұрын -соңды мектеп қабырғасында ата-аналар жиналысы өтеді дегенді естісек көз алдымызға бір сыныптың ішінде отырған 10-15 шақты ата-ана елестейтін еді. Олардың басқосуында тек сынып мәселелері ғана айтылып, онда оқитын санаулы ғана оқушыға қатысты әңгіме өрбитін. ҚР Білім және ғылым министрлігі осы  бір қалыптасып қалған ескі  қағиданы өзгертіп,  2017 жылы  тұңғыш рет  еліміздің  барлық  мектептерінде жалпыұлттық  ата-аналар жиналысы өткені  көпке  аян.

 Бұл дәстүр  биыл да жалғасты. Халықаралық отбасы күнінде республика көлемінде барлық мектептерде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Мектептегі қамқоршылық кеңестері, демеушілік және қайырымдылық туралы айтылды. Өткен жылдан бері  ҰБТ жаңа форматта өтіп келеді.  Мектеп бітіруші қорытынды аттестаттаудан өтіп, басқа сынақтарға барады.  11-сынып білім алушыларын  қорытынды аттестау және оқу жылының қорытындылары,  «Жыл табысы»-мектеп оқушыларының жетістіктері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі, «Оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты қазақ тіліне аудару мәселесі», «Оқу процесін цифрландыру», «Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен  мектептің өзара іс-қимылын күшейту» сынды  мәселелер қаланың барлық мектептерінде өткізілген ата-аналар жиналысына   негізі болды.

Еліміз бойынша  өткен жиналыстың тақырыбы-  «Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»  деп аталды.   Бұл жиынның басты мақсаты-ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.  «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру міндетін көздеген.  Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде қаралған мәселелердің әрқайсысы маңызды. Себебі, бұл сұрақтар республика бойынша жаппай бекітілген.

Ата-аналар ойынша, балаға қатысты туындаған түйткілді мәселелерді екі тарап бірге қарап, баланың болашағын қадағалап отыруы  керек. Сондықтан да,  мектепішілік ата-аналар жиналысына асыға келіп  жатқандар қарасы көп. Алматы облыстық ІІД өкілдері мен  Талдықорған қалалық білім бөлімінің мамандары жиналысқа қатысты. Бұл ретте, ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер етеді. Бала тәуліктің бір бөлігінде — мектепте болса, қалған уақытында   өз отбасында тәрбие алады.Расында да, бала тәрбиесі-басты назарда. Ата-ана мен  мұғалімдер тығыз байланыс орнатып, осыған мән беріп отыр.

Бір сәт, дереккөздерге көз жүгіртер болсақ,  Қазақстан бастауыш біліммен қамту бойынша әлемнің 137 елі арасында 4-орынды иеленеді. Ал «Адами даму индексі» рейтингінде Тәуелсіз еліміз 188 мемлекеттің ішінен 56-орынға табан тіреді. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесі 90,5 пайызды құрап отыр. Беделді халықаралық олимпиадалардың қорытындылары бойынша мектеп оқушыларының қазақстандық құрама командасы әлемде   ондықтың ішіне енді.

Өткен 2017 жылы еліміздің  білімді оқушылары  661 марапатқа ие болса, оның 125-сі алтын, 197-сі күміс, 327 қола, 12 грамотаны жеңіп алды. Бүгінде 50  жоғары оқу орны  қос дипломды білім беру бойынша шетелдік  оқу орындарымен  әріптестік жасауда.

Талдықорған қаласындағы  барлық  білім ошақтарында   жалпыұлттық ата-аналар жиналысы  ұйымдастырылды. Біз  қаламыздағы №17 орта мектепте  ұйымдастырылған ата-аналар жиналысына қатысқан едік.

  • Біздің мектепте 900-ден аса оқушы білім алуда.  Осы оқушылардың ата-аналарымен  тығыз байланыс  жасау, олардың да бала тәрбиесіне атсалысу тұрғысында қолға  алынған еліміздегі айтулы  шара.  Ата-аналар жиналысы деп ерекшелеп алудың да мақсаты осы деп ойлаймын. Баланың жан дүниесі – бейнебір  толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?  Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз?  Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Ата- ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт.  Мектепте  ұстаз ұлағаты да ерекше.

Оқушыларымыз   білім мен  спортта да 2017-2018 оқу жылында көптеген  жетістіктерге қол жеткізді.  Бұл ұстаздар мен ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Күн тәртібіндегі  «Жыл табысы» бөлімінде өзім  баяндама жасадым. Мұнан өзге мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда  өзіндік үлес қосудамыз. Жас балалардың  бойына ата-бабадан келе жатқан үлкенді  сыйлау, құрметтеу, елді, жерді сүюге бағытталған көптеген  шаралар ұйымдастырылды. Бұл жөнінде  тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Л. Бексұлтанова айтып берді,- дейді аталмыш мектептің директоры Раушан Керейбаева.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламаның мақсаты- біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, шығармашыл, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылады.  Өткен  жылы  осы тұрғыдан алғанда 11 республикалық,  308  өңірлік шара  іске асырылып, 900 мыңдай адамды қамтыған. «Отаным-тағдырым», «Өлкетану» базалық бағыттары да Отан тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген құрмет  бар.  Әр өлкенің оқулығын шығару, жас тарихшылардың зияткерлік байқаулары, экологтар форумы, «Үздік мектеп мұражайы» конкурсын  өткізу қарастырылған. Себебі, бұл  ауқымды шара. Сондай-ақ, оқу- тәрбиелік процесті цифрландыру,  үйірмелер ашу бойынша, «Күнделік», «Білім Lend» туралы да сөз қозғалды. Жыл сайын 2500 мұғалім робот техникасы бойынша біліктілігін арттыруда. Республикада 1626  мектепте робот техникасының  үйірмесі жұмыс жасайды.

Ал отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту мақсатында мектептерде  қамқоршылық кеңестері құрылған.  Бұл  туралы 2017 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің №355 бұйрығы бар  және 2018 жылдың 8 ақпандағы №43 бұйрығымен толықтырулар енгізілді. Қазіргі таңда қамқоршылық кеңес еліміздің 4207 мемлекеттік мектебінде құрылған. Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органы, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестік, ҮЕҰ өкілдері мен сыныптардан бір-бір ата-анадан, қайырымдылық жасаушылар кеңестің құрамына мүше болады.

Қамқоршылық кеңесі білім беру мекемелерінің шоттарына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына, білім алушылардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуге, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналасуына ұсыныс береді.  Сонымен қатар білім беру мекемелерінің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар жасауға, ұсыныс енгізуге,  басшының есебін тыңдайды.  Қамқоршылық кеңестің төрайымдары алда атқарылатын жұмыстар көп екендігіне тоқталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here