2019 жылдан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді – Дәурен Абаев

0
113

«2018 жылдың соңына дейін қазақстандықтар өздерінің ұялы байланыс құралдарын арнайы тіркеуі керек. Олай болмаған жағдайда 2019 жылдан бастап ол абоненттерге қызмет көрсетілмейді». Бүгін жұртшылық алдында есеп берген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді.

«Байланыс құралдарын тіркеу – ұялы телефон ұрлығын азайтады деп есептейміз. Бүгінде жоғалған телефондарды IMEL коды арқылы табуға болады. Бірақ, мұнда құралдың иесі туралы ақпарат жоқ. Сондықтан, әр азамат өзінің ЖСН нөміріне байланыс құралдың кодын тіркеп қоюы шарт. Тіркеу өте қарапайым болады. Ұялы телефоныңызға SMS хабар келеді. Сол арқылы жұмыс бітеді. Егер, мәселе туындап жатса, арнайы орталыққа барсыз. Бұл жұмысты жаздан бастап, жыл соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз» деп атап өтті сала министрі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here