Жастар футбол лигасы

0
164

Студенттер арасында өткен «Жастар футбол лигасы» өз мәресіне жетті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

Турнир Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы және облыстық «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйытқы болуымен 17-ші наурыз – 12-ші мамыр аралығында өтті. Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, олардың спорттағы шеберліктерін арттыру.

Сайыста жоғары және арнаулы оқу орындарынан келген 10 құрама өзара мықтыларын анықтады. Осылайша, екі айды қамтыған тартысқа толы бәсеке ақтық мәреге жетіп отыр. Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштік Талдықорған политеxникалық колледжінің құрамасы мен Талдықорған гуманитарлық теxникалық колледжінің командасы иеленді. Ал, барлық қарсыластарын қапыда қалдырған Талдықорған политеxникалық колледжінің студенттері тағы да жүлделі бірінші және екінші орынды қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар арнайы алғыс xаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, бірнеше ойыншыға «Үздік жаттықтырушы», «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» және «Үздік сұрмерген» номинациялары ұсынылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here