Еркін күрестен жастар арасында республикалық турнир басталды

0
137
Айдын Нұршановтың фотосы

Бүгін ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері және КСРО чемпионы Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған еркін күрестен жастар арасында республикалық турнир басталды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Аталмыш жарыс жетісу Жерінде тұңғыш рет жалауын желбіретіп отыр. Турнирге он екі облыстан 200-ге тарта балуан келіп, өзара мықтыларын анықтауда. Жарыс шымылдығын Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, ҚР-ның ұлттық Олимпиада комитетінің  өкілі Алпысбай Әділбек және облыстық спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев ашты.

Салтанатты шарада сөз алған Жақсылық Мұқашұлы ардагер спортшы жайында орамды ойларын айтып, аталмыш турнирдың маңыздылығына тоқталды. – Құрметті спорт сүйер қауым және жарыс қатысушылары! Облыс орталығы Талдықорған қаласында өтіп жатқан турнирге қош келдіңіздер! Аманжол Бұғыбаевты қазақ спортының тарихында есімі алтын әріппен жазылған бірегей тұлға деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, ағамыздың бойындағы бұла күш, ерік пен жігер қазақ деген халықтың әлемдік ареналарда танылуына үлкен себеп болды. Бүгінгі додаға түскелі отырған барлық балуандарға сәттілік тілеймін. Ең мықты дегендер жеңіске жетсін, — деді. Артынша, әкім орынбасары ардагер спортшының иығына шапан жауып, лайықты құрметін көрсетті.

Ал, өз кезегінде сөз алған Алпысбай Ыбырайымұлы турнирдің мәртебесі биік болсын деп ақ тілегін ақтарса, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Аманжол Күнболатұлы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған барлық ұйымдастырушыларға және еңбегін бағалап, әспеттеп көкке көтеріп отырған халқына өз ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, «Жастар» спорт кешенінде өтіп жатқан жарыс екі күнге жалғасады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here