Ебі соқса өлеңді өшіріп кетеді ғой

0
146
дереккөз

Қыстың күні  екен. Турахан Жамаш деген бір ақын жерлесім ауылда қой кезегіне шығыпты. Малын өрістетіп тауға жеткен соң жайланып отырып өлең жазайын десе қағаз қалам алмапты. Басқа амалы болмаған ол, биік таудың бір із түспеген бетіне шығып алып, ақ қарға таяғымен өлең жаза бастапты.

Өлеңін жазып болып басын көтерсе күн де еңкейіп қалыпты. Алдында жатқан малын айдап ауылға келсе халық у-шу. Біреулер: «Ой Түке, мұның не сенің? Малдың алды түс болмай келіп алды. Ал, мына мал да аз, арты жоқ десе, Турахан еш саспастан: «Е, ерте тойған мал ерте қайтады, жай тойған мал жай қайтады ғой» – депті. Сонымен малы жоқ адамдар тауға қарай жөнеліпті. Турахан үйіне келіп отбасындағыларға: «Біраз адамдардың  малы бөлініп қалыпты, мен соны іздеймін» — деп, ескерткен соң, қағаз, қаламын ала салып өзі де кетіпті. Жұрт жоқ малды тауып, таудан түсіріп келе жатса Турахан ойында ештеңе жоқ бір бетте бүкшең-бүкшең етіп, қарға жазған өлеңін қағазға көшіріп жүріпті. Сонда бір көршісі: «Әй, Түке қас-қарайып қалды, жүр қайтайық, қалғанын ертең көшірерсің» десе, Турахан: «Жоқ, түнде ебі соқса өлеңді өшіріп кетеді ғой»  – деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here