Елбасы Алматы облысының өркендеуіне оң бағасын берді

0
328

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы шағын және орта бизнестің даму барысымен танысты. Бұл туралы 24.kz арнасына сілтеме жасай отырып taldykorgan-online.kz хабарлайды.

Елбасы алдымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңсесіне барды. Ғимараттың ресми атауы – Аtameken Business Cіtу. Мұнда білікті мамандар кәсіпкерлерге тегін кеңес береді. Заңдық және бухгалтерлік қызмет көрсетіп, құжаттарды реттеуге көмектеседі. Бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Орталықта жергілікті кәсіпорындардың өнімдері де қойылған. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов бизнесті дамытуға арналған жоспарымен бөлісті. Қазір өңірде 100 мыңнан аса шағын және орта кәсіп субъектісі бар. Бизнестегі әкімшілік кедергілер азайды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен өтініштердің 71 пайызы бизнестің пайдасына шешілген. Президент іскер топ өкілдерімен тілдесіп, олардың пікірін тыңдады. Күні кеше жұмыс сапарымен Алакөлге барған Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті кәсіпкерлерді туризм саласын дамытуға шақырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорғандағы Салтанат сарайын аралады. 2 қабатты су жаңа ғимарат жергілікті бюджет есебінен салынған. Атының өзі айтып тұрғандай бұл жерде салтанатты жиындар өткізіледі. Мұнда неке қиятын арнайы зал мен конференция өткізетін орындар бар. Сондай-ақ Президентке құрылысы қызу жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандар мен театрдың жобасы таныстырылды. Дені мемлекеттік-әріптестік аясында салынбақ. Жеңіл атлетикалық спорт кешені, 570 адамға шақталған бассейн, мектеп пен драма театрды салуға жеке инвесторлардың қаржысы тартылады. Алматы қаласы мен Алматы облысына барған Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарын қорытындылады. Елбасы әсіресе «Бес әлеуметтік бастамаға» ерекше ден қоюды тапсырды. Президенттің пікірінше, Алматы өңірі экономикалық өсім жөнінен көш бастап тұр. Соңғы 3 жылда аймақта 3 млн шаршы метр баспана қолданысқа берілген. Аграрлық секторда өсім байқалады. Газдандыру ісі қарқынды түрде кезең-кезеңімен жүріп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Жалпы алғанда, өңірдің өну, өркендеуіне оң бағасын беруге болады. Менің тексеретінім – әр уақытта жарияланған бағдарламалардың орындалуы. Оның ішінде индустриялық бағдарлама бар. Оның ішінде инфраструктуралық бағдарлама бар. Оның ішінде әлеуметтік бағдарлама бар. Бес менің тапсырмам. Алматы облысына келсек, бұл еліміздің бір ерекше өңірі болып саналады. Ерекше болып саналатын себебі – бір жағынан тікелей Қытай Республикасымен шекаралас. Бұл – мәселе. Сондықтан да мен Талдықорғанды облыс орталығы деп қайта жарияладым. Бұл жерде шекара болғаннан кейін халық көп болуы керек. Халық сауатты болуы керек. Шекараны сақтау керек екенін, елдің мына жағындағы шебінде тұрғанын білуі керек. Сондықтан екі ауданды қайта құрып, оның ішінде де халық көбейсін деп жасалған дүние. Ол аудандар да қуанып жатқанын білемін. Құттықтаймын. Көшкен ел қайтып келсін деп, өндірісін, жұмысын беретін жағдай жасау керек.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here