Кедергісіз келешек

0
46

Қаладағы  Жастарға қызмет көрсету орталығында  ҮЕҰ басын қосқан жиын  өтті. Алматы облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің  төрайымы  Шолпан Сүттібаева «Сорос Қазақстан» қорының    ұйымдастырған  байқауы аясында «Талдықорған қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру орталығы  әлеуметтік аудит»   атты жобасының таныстырылымын өткізді. Мұндағы  мақсат- мүгедектерді қоғамның бір мүшесі ретінде жұмыс жасауына ықпал етуге жәрдемдесу. Дөңгелек үстел басына  облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Талдықорған қалалық жұмыспен қамту орталығы, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен прокуратура қызметкерлері шақырылды.

«Жалпы,  әртүрлі топтағы  жарымжан адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік ашықтық, жүйелілік және есептілігіне әлеуметтік аудит жүргізіп отыру қажет. Мүгедек азаматтардың мүддесін қорғау тұрғысында қабылданған заңнамалардың іске асырылуы жөн деп ойлаймын. Бұған мүдделі  мекемелердің де назар аударып, мониторг жасауы керек»,- дейді бірлестік төрайымы Шолпан Төлеуханқызы.

Талдықорған қаласы бойынша осы бағытта  қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны турасында  қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы М. Бейспаев хабарлама жасады.  Талдықорған қаласы әкімдігінің « Талдықорған қаласында мүгедектерді  жұмысқа орналастыру бойынша квота бөлу» жөніндегі  қаулысы негізінде  көптеген  жұмыстар қолға алынған. Өткен жылы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында 15 жұмыс беруші кәсіпорын 63 бос жұмыс орнын ұсынды. Соның нәтижесінде, 139 адам әртүрлі кеңес алып, жұмыс пен  оқуға жолдама алды. Жұмысқа орналасқан 17 азаматтың 2-уі мүмкіндігі  шектеулі. Әлеуметтік жұмыс орындарына-5, жастар  тәжірибесіне жіберілген 48-дің 12-сінің  мүгедектігі бар.

Ал, үстіміздегі жылы жұмыс іздеп келген 86 адаммен әлеуметтік келісім жасалды. Алты адам тұрақты жұмыс тапса, қайта оқыту курстарына 11, қоғамдық жұмысқа 66, «Жастар тәжірибесіне» -1,әлеуметтік жұмыс орнына 2 адам орналасты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here