ОҚО журналистері республикалық турнир жеңімпазы атанды

0
264

Талдықорғанда «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің жүз жылдық мерейтойына арналған шағын футболдан республикалық турнир аяқталды. Оның жеңімпазы болып Оңтүстік Қазақстан облыстық Журналистер одағының командасы танылды, деп хабарлайды ТДКО.кз.

Қос басылымның ғасырлық тойына арналған республикалық турнирге жалпы саны 9 команда қатысты. Астана, Алматы, Қызылорда, Тараздан келген журналистер қауымы өзара мықтыларды екі күн бойы анықтады. Нәтижесінде 3-орынды Елордадан кеген «Хабар» телеарнасының ұжымы иеленіп, қанжығаларына 300 мың теңгені байласа, 2-орын алған қызылордалық «Ақмешіт» командасы 500 мың теңгені олжалады. Ал, Шымкенттен келген ОҚО Журналистер одағының құрамасы бас жүлдеге тігілген 700 мың теңгені жеңіп алды.

Турнирге қатысушылар жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Жүлдегерлерден бөлек барлық қатысушылар да арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here