Кеудесінде «Қызыл Жұлдыз»жарқырайды

0
67

Жыл сайын  мамыражай  аймен  ере келетін осынау  Жеңіс мейрамы әрбіріміз үшін сондай маңызды. Жырақта жүріп, өлімнің өткір жүзінде етігімен су кешкен аталарымыз көздің қарашығындай аманат етіп тапсырған  Жеңістің Туы ешқашан еңкейіп, ешқашан жығылмақ емес.

-Соғыстың оты шалмаған   шаңырақ жоқтың қасы. Жауды  індеріне қайта тығуға өз еркімен аттанған жауынгерлер қатарында біреудің әкесі, біреудің аға — бауыры, біреудің атасы, біреудің жұбайы,  біреудің баласы болды.  Мен де 1939 жылдары мектепте  мұғалім едім. Ел басына қиындық туған шақта қан майданға аттандым.

1942 жылы әскер қатарына шақырылып,  I -Украина, Сталинград майдандарына, Харьков, Киев қалаларын азат етуге қатыстым. Табандылық пен батылдықты танытқан жауынгерлерге берілетін Қызыл жұлдыз, I дәрежелі  Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендері және  «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарын иелендім,-дейді майдангер Әбіш Ошақбайұлы.

От пен оққа оранған қан майданнан оралған жауынгер жас ұрпаққа білім мен  тәрбие беру ісіне өз үлесін қосты. Ұлағатты ұстаз алдынан  мыңдаған  шәкірт тәрбиеленіп, білім  нәрімен сусындады.

 Отбасында бес қыз, бір ұл тәрбиелеген асқар тау әке, ондаған немеренің атасы. Жеңістің 73 жылдығын ұрпағымен бірге көретіндігіне мың шүкір айтады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here