«Startup «Bolashak» арқылы арманыңа қол жеткіз

0
103

Жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Startup «Bolashak»:Менің Арманым» байқауының үшінші маусымы басталды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми Министрлігі мен «Болашақ» қауымдастығы бірлсе ұйымдастырып отырған байқаудың маңызы зор. «Стартуп «Болашаққа» өзінің жеке кәсібін ашқысы келетін 16 мен 35 жас аралығандағы кез-келген адамның қатысуға мүмкіндігі бар.

Айталық, Алматы облысындағы бәсекенің ұйымдастырылуын бақылайтын Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлкеттік университеті. Осы орайда, оқу ордасының бас ғимаратында арнайы жиын өтіп, жобаның ерекшеліктері мен талап-шарттары жан жақты түсіндірілді. Бүгінде облыстық іріктеуге 200 ден астам адамның жобасы тіркелген. Енді олардың авторлары бизнесті жүргізу мектебінен өтіп, қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғайтын болады. Үздік атанғандары республикалық іріктеу кезеңіне жолдама алмақ.

Ал, ол жерден де суырылып шыққандар қомақты қаражатқа ие болып, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алады дейді ұйымдастырушылар. Одан бөлек, еліміздің танымал бизнесмендері жас кәсіпкерлерге көмектесу үшін өз тәжірбиелеріне сүйеніп, оларға жол сілтейтін болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here