Министр «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека қашан берілетінін айтты

0
113
Дереккөз

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека екінші жартыжылдықтан бастап берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттініне сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Дереккөз

«Ұлттық банк бір-екі ай ішінде «7-20-25» бағдарламасын бекітеді. Екінші жартыжылдықтан бастап ипотека бере бастайды», — деді министр. Ж.Қасымбек «Нұрлы жер» мен «7-20-25» бағдарламалары бір-біріне кедергі жасамайтынын атап өтті.

«Нұрлы жерге» өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ең алдымен жаңа «7-20-25» бағдарламаның енгізілуімен қосымша инфрақұрылымның қажеттілігіне байланысты. «Нұрлы жер» жұмысын жалғастырады. Жеке тұрғын үй құрылысы, арендалық, кредиттік үй. Құрылыс салушылар бойынша пайызды субсидиялау секілді тетіктер қалады», — деді министр.

Жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here