«Балдаурен» — жас таланттарға жол ашады

0
186

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай Өтенай ауылдық округінің мәдениет үйінде «Балдәурен – 2018» атты балалар шығармашылық байқауының ақтық кезеңі өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Дәстүрге айналған шара осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесіне арналған жас таланттар бәсекесі – бүлдіршіндердің жаңа қырынан танылып, өнерлерін шыңдауға мүмкіндік береді.

«Балдәурен» 6 жыл ішінде балалардың өнер өлкесінде жарқырай көрінуіне жол ашты», — дейді ұйымдастырушылар. Биылғы байқауға 100 үміткер ұсыныстарын берген. Олардың 43 үміткері оза шауып, ақтық кезеңге жолдама алып отыр. Концертте Талдықорған қаласының мектеп жасына дейінгі балабақша тәрбиеленушілері, орта мектептердің бастауыш сынып оқушылары және алыс-жақын аудан өнерпаздары қатысты. Балалар ән, би және дефиле номинациялары бойынша өзара сынға түсіп, үздіктерін анықтады. Жүзден жүйрік болған қатысушыларды қала әкімі Бағдат Қарасаев арнайы келіп марапаттады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here