ҚР Мәдениет және спорт министрі Талдықорғанға келді

0
220
Дереккөз

Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР-ның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Министр ұшақтан түскен бойда Талдықорған қаласының мәдени және демалыс орындарын көріп шығуды жөн санады. Алдымен Қаратал өзенінің жағалауындағы демалыс аллеясына барып, жасыл желекпен абаттандырылған жердің көркіне тамсанып қайтты. Тұңғыш Президент мүсіні тұрған саябаққа да барды. Шаһардың қақ ортасында орналасқан Елбасының түр тұлғасы ерекше сәулет екендігін айтты. Ал, «Рухани жаңғыру» орталығына барған министрге Жетісу жері туралы ВВС арнасы түсірген бейнеролик көрсетілді. Арыстанбек Мұхамедиұлы Салтанат сарайы мен Көрме кешенінде де болып, қос нысанның қызметімен танысты. Сонымен қатар министр жаңа  театр құрылысы туралы да сұрап біліп, ондағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Мәдени ошақтың жоғары талғаммен салынып жатқандығына тәнті болды.

 

Бүгін министр облыс әкімінің қатысумен өтетін маңызды басқосуда аймақтағы саланы өркендетудің жолдарын талқылауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар туризмді дамыту мәселесі бойынша шетелдік инвесторлармен кездеспек.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here