Шахмат – ақыл-ой спорты

0
98
Фото автор

Қалалық спорт және білім бөлімінің ұйытқы болуымен М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектепте шахматтан «Чемпионмен шеберлік ойыны» өтті. Аталмыш шараға шахматшы, зағиптар арасындағы Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі және ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Мұрат Жүнісов келді.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, оқушыларға шахматтың қыр-сырын кеңінен дәріптеу және чемпионмен шеберлік алмасу. Жиында алғашқы сөз Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаевқа берілді. Ол шеберлік сыныбына қатысып отырған барлық оқушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Ал, өз кезегінде сөз алған Мұрат Сатыбалдыұлы шахмат – логикалық ой өрісті машықтандыратын спорт екендігін тілге тиек етіп, балаларға оның пайдасын айтып берді.

Иә, әлемдегі ең танымал спорттың бір түрі – шахмат. Біздің дәуірімізге дейін бір ғасыр бұрын пайда болған ойынның отаны Үндістан деседі. Әлемге кеңінен таралған бұл спортпен тек үлкендер ғана емес, бүгінде балалар да ойнайтынын байқауға болады.

Мәселен, қаламыздағы барлық мектеп оқушыларының арасында шахматты ермек қылып, қызығушылық танытқандары баршылық. Чемпионмен шеберлік ойнына бұл жолы 25 бала келіп, М.Жүнісовпен шахмат ойнады. Спорт шебері әр баламен жекелей кездесіп, олардың ойын барысындағы қабілетін байқап көрді.

Шара соңында ұйымдастырушылар шахматтан «Чемпионмен шеберлік ойыны» кездесуіне қатысып, спорттық шеберлігін шыңдап, белсенділік танытқаны үшін оқушыларға арнайы сертификаттарын ұсынды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here