Арман қала – Астана

0
37
Жеңімпаздар

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен “Арман қала – Астана” атты тұңғыш рет латын қарпінде эссе жазу байқауы өтті. Аталмыш байқау Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Мұндағы мақсат – Елордамыздың бүгінгі таңдағы әсем келбеті мен жеткен жетістігін дәріптеу, көпшілік қауымды латын қарпінде таңбалауға, оқуға бейімдеу. Байқауға қаламыздағы орта білім беретін оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қатысты. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы Шара Қияхметова “Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі шараның маңыздылығы зор деп есептеймін. Басты ерекшелік эссе қазіргі кирилл емес, латын қарпімен жазылады”-деп шараның маңыздылығына тоқталып өтті.  Байқау қорытындысына сәйкес сайысқа  қатысушы ең жас маман Ақбота Қажбекова ІІІ орын, №2 орта мектептің мұғалімі Айдана Сағынғанова ІІ орын, №19 мектеп-гимназиясының оқытушысы Светлана Исаева І орын  иегері атанды. Ал, бас жүлдеге №12 мектептің ұстазы Гүлшат Тілеуханова лайық деп танылды.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here