Жаңа оқулық шығару-бұл қажеттілік

0
45

Мемлекет басшысы рухани жаңғыру аясындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор екенін айтты.

– Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптың таныстырылымына жиналып отырмыз, – деді Елбасы.

Шын­ды­ғында, бұл – Елбасымыздың «Бо­лашаққа бағдар: Рухани жаң­ғыру» атты бағдарламасы негізінде қо­л­ға алынған дүние. 100 жаңа оқу­­лықтың қоғамдық сананы жаң­ғыр­тудағы рөлі ерекше. Бірден 100 оқу­лықты аудару ешқандай мем­ле­кеттің маңдайына жазылмаған дү­ние болуы керек. Қазақта «ақыл – ауыз, ырыс – жұғыс» деген сөз бар. Әлем­дік мықты стандарттар алма­сып отыруға тиіс. Бұл – кез келген қо­ғамдық дамудың көшінде бар тә­жірибелер. Алаш автономиясы құрылған сәтте олардың да алдында дәл осындай мәселе туындағаны рас.

Әліпби мәселесі, жаңа оқулық құ­растыру, аударма мәселесі күн тәр­тібінде тұрған  кезеңде Алаш қайраткерлерінің барлығы дер­лік оқулық аударумен айна­лыс­қан. Мәселен, Мағжан Жұмабаев «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытов «Психология», Халел Досмұхамедов «Биология» пәнін аударса, жиырма жастағы Мұхтар Әуезов «Жеткін­шек» деген оқулық жазды. Қаныш Сәт­баев – алғашқы «Математика» оқулығын жазған авторлардың бірі. Мұның бәрі ХХ ғасырдың басында жаңалық болып саналды. Қазіргі дүниеге келер болсақ, жаһандану дәуі­рі басталды.  Ғалам ғарыштап да­мып барады. Әлемдегі эко­но­миканың, өндірістің, адамзаттың ақыл-ойының дамуы ерекше. Сон­дықтан біздің де «100 жаңа оқу­лықты» аудару мәселесін қолға алуымыз – қажеттілік.

                                                         Биғайша Қауметова,

Б. Жолбарысұлы атындағы мектеп-лицейі

директорының орынбасары.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here