Биыл коттедж қалашығынан 202 пәтер қолданысқа беріледі

0
46
Фото авторы А.Нұршанов

Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев жыл басында әдеттегідей тұрғындар алдында есеп берген болатын. Кездесу барысында тұрғындар шаһар басшысына ауызша немесе хат арқылы сауалдарын жолдап, шешімі табылмай жүрген бірнеше мәселелердің ретке келуін сұраған сұраған еді.

Қала тұрғыны: — Жеке меншігіме тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алу кезегінде 2008 жылдан бері тұрмын. Қашан беріледі?

Биыл қалада жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылымы жүргізілген 812 жер учаскесін беру жоспарланып отыр. Егер кезегіңіз келсе, жер учаскесі міндетті түрде беріледі.

Қала тұрғыны  С.Бекметов: — КСК жиі ауысады. Қазір бейнекамераға ақша жинауда, алайда, ол камера менің пәтеріме келген ұрыны көрмейді. Не үшін ақша төлеймін?

2018 жылы 17 ақпанда бейнекамера орнату мәселесі  бойынша 7 шағын ауданы №21 үйдің тұрғындарымен жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында тұрғындар бейнекамераны қажет етпейтіндігі айтылып, аталған мекен жай бойынша тұрғындардың шешімімен бейнекамера орнатылмайды.

Қала тұрғыны: — Жерімді мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойды. Енді сол жердің орнына маған жер берілмеді ме?

Бүгінде Талдықорған қаласында мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойған жердің орнына беретін бос жер учаскесі жоқ. Сондықтан мемлекет мұқтажы үшін алу кезінде жер учаскелерінің меншік иелеріне жер учаскесінің нарықтық бағалау соммасына сәйкес өтемақысы міндетті түрде төленеді.

Қалалық ата-аналар комитетінің мүшесі, зейнеткер Дәметкен Кендірбаева: — Шатырлы лагерьдің орнына қаланың балалары демалатын, заман талабына сай, көрнекті де кешенді ғимарат салып берсеңіздер?

Бүгінгі күні қалада балалар демалатын орынға арналған 3,0 га жер учаскесі анықталды. 2018 жылғы 15 сәуірде құжаттар құрылыс бөліміне жобалау жұмыстарын жүргізу үшін ұсынылады.

Қала тұрғыны: — Коттедж қалашығы салынатын аумақ біраз уақыттан бері бос тұр. Ол жерлер қашан беріледі?

2017 жылы (4 типті Танхаус) 12 коттедж, 48 пәтер құрылысы монтаж жұмыстары басталды. Құрылыс–монтаж жұмыстарын «МК-Buld» ЖШС мердігер ұйымы жүргізуде. 2017 жылы 400 млн.т. бөлініп соның 231,9 млн.т игерілді. Сонымен қатар қазіргі таңда (1 типті) 154 пәтер, жалпы алаңы 15,1 мың шаршы метр құрайтын коттедж құрылыс жүргізілгенге биыл 1,547,8 мың теңге қаражат бөлінді. 2018 жылы 202 пәтер қолданысқа берілу жоспарлануда. Соның ішінде 4 типті 12 коттедж (танхаусы) 48 пәтер және 154 пәтер 1типті.

Қала тұрғыны Т.Чалкенов: — Шығыс шағын ауданында қашан мектеп салынады?

Қазіргі уақытта Талдықорған қаласындағы аталған ауданға 900 орындық мектептің құрылысын жүргізу жоспарда бар. Сметалық құжаттар толығымен жинақталып болды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асырудың мерзімі  2019-2020ж.ж. жоспарлануда.

Қала тұрғыны: — Жастар-2 тұрғын ауданының су мәселесі қашан шешімін табады? 

2018 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына 205,535 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жастар-2 тұрғын ауданында сумен қамту және су бұру бойынша өңделген жобаға сәйкес, мердігер мекеме «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК №110 филиалы аталған жоба бойынша 2018 жылдың наурыз айындағы келісім шартқа сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын  жүргізуде.

Қала тұрғыны: — Бетховен көшесіне су жүргізілді. Алайда, су сап-сары, таза емес. Құбырлар мен есептегіштер суға батып кеткен.

2017 жылы Бетховен көшесінде  су құбыры жүргізілген. Судың аз мөлшерде алынуына байланысты, жүйеде су тұрып  қалуда. Ағымдағы жылдың ақпан айында «Жетісу су құбыры» МҚК-ның күшімен аталған көшедегі су құбыры қосымша  тазартылды.

Қала тұрғыны Қ.Қапанов: — Иванилов көшесінде ауыз су өте қиын болып отыр.

Талдықорған қаласының Иванилов көшесінде сумен қамту жүйесінің құрылысы алдағы жылдардың жұмыс жоспарына енгізілді.

Қала тұрғыны: Шағын аудандардың аулаларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?

2018 жылы қаланың 12 ауласына жалпы сомасы 784901,5 мың теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. («Жастар» ш/а №30, 31 үй; «Жастар» ш/а №36а, 36б; «Жастар» ш/а №3,7,9,10; Тәуелсіздік №124; Абай к/сі №280;  Кивилев к/сі №7; Л.Асанова к/сі №69, 69а, 71; Ескелді би к/сі №238; Байсеитова к/сі  №1«а»; Пушкин к/сі № 239 а;  «Жастар» ш/а  №68,78,78а; «Жастар» ш/а №32,36; «Жастар» ш/а №28,29,33,35; «Самал» ш/а №37,42). Бүгінде жоғарыда аталған аулаларға құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер анықталып, келісімшарттар рәсімделуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here