Үстел тенисінен жарыс өтті

0
114

Бүгін жоғары және арнаулы оқу орындарының білімгерлері арасында үстел теннисінен «Салауатты ұрпақ – Нұрлы  болашақ» атты жарыс өтті. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздеген сайыста 30 қатысушы өзара шеберлік байқасты.

Жарыстың өтуіне Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» ЖҚ мұрындық болып отыр. Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Бахтияр Жақсыгелдинов сөз алды. Ол Елбасының Жолдауын насихаттау және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығына тоқталды. Артынша қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Жарыстың өткізілуі және шарттарын бас төреші түсіндіріп болғаннан кейін, сайыс өз қарқынымен бастау алды. Ойыншылардың жеңіске деген ұмтылысы жоғары болды. Араларында бұл спорт түрін жетік меңгергендер де бар.  Үздік ойын көрсетіп, жеңімпаз атанғандар алғыс хат және түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар үстел тенисінен болатын жарысты биыл тоқсан сайын өткізіп, бір жүйеге келтіріп алуды көздеп отыр. Ал, келесі жылы мұның лигасын құру жоспарда бар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here