Балалар арманы аспандай асқақ

0
48
Фото авторы А.Қажеке

1961 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин әуе кеңістігіне аттанды. 1968 жылы халықаралық авиация федерациясы 12 сәуірді дүниежүзілік ғарышкерлер күні деп бекітті. Осыған орай қаламыздағы №14 орта мектеп-гимназиясында “Балалар және ғарыш” атты облыстық байқау өтті.

Дереккөз

Мұндағы мақсат — ғарыш саласындағы жетістіктерді кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу. Алғаш болып сөз алған Алматы облысы білім басқармасы “Көркем эстетикалық және шығармашылық тәрбие беру бөлімінің” жетекшісі Есет Жеңісұлы: “Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Бұл күн — күллі адамзат баласының арманы орындалған тарихи күн. Юрий Гагарин, Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіровтер біз үшін беймәлім ғарыш көгіне көтерілді. Сонымен қатар,  Алматы облысының Құрметті азаматы, осы мектептің түлегі Айдын Айымбетов те ұшты. Байқауды қасиетті шаңырақта ұйымдастыруымыздың да басты себебі осы.  Осы мектептен түлеп ұшқаны барлығымыз үшін мақтаныш, зор мәртебе”-деп байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.  Сайыскерлерге Алматы облысы білім басқармасы “Көркем эстетикалық және шығармашылық тәрбие беру бөлімінің” жетекшісі Есет Жеңісұлы, Балалар көркемсурет мектебінің директоры Серікқали  Мырзатаев, “Көркем эстетикалық  және шығармашылық тәрбие беру бөлімінің” әдіскері Жұлдыз Сейітқопарова қазылық етті. Нәтижесінде “Әдеби шығармашылық” қиял-ғажайып әңгімелер номинациясында  Талшын Өмірзақ, “Сәндік-қолданбалы шығармашылық”  аталымында Өркен Әділхан, “Адам ғарышта” ғарышты игеру тарихы туралы жобалар таныстырылымында Айым Амантай I орынға ие болды.

Фото авторы А.Қажеке

Айдын Ақанұлы -ғарышқа ұшқан қазақтың үшінші азаматы.  Отандасымыз аспан әлемінде  бірнеше сынақ жүргізіп, радиацияның миға әсерін зерттеді. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген  еңбегі мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағымен, «Алтын Жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісімен және «Отан» орденімен марапатталды. Айта кетейік, мерекеге орай облыс әкімі Амандық Баталовтың тікелей  қолдауымен Оқушылар сарайында  “Телескопта астрономиялық бақылау” шарасы өтеді.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here