«Салық қызметкерінің сағаты» өтті

0
40
Салық қызметкерінің сағаты

Биылғы жылдың  наурыз айынан бастап Кәсіпкерлер палатасы әрбір айдың екінші сәрсенбісі күні “Салық қызметкерінің сағатын” ұйымдастырып келеді. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары кәсіпкерлерге түрлі мәселелер бойынша кеңес беріп, қабылдау өткізеді.

Кезекті шараға облыстық департаменттің түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Әуелхан Әлішеров пен Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов қатысты. Олар зейнетақы жүйесіне төлем жүргізу, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемді артық төлеу, әлеуметтік салық және т.б. бірқатар мәселелер бойынша кеңестер ұсынды. Қабылдауға келген азаматтардың ішінде жуырда ғана компаниясын ашқан жас кәсіпкер болды. Мамандар кәсіпкерге ЖШС үшін оңайтылған салық режиміне көшуге және бірінші жартыжылдық аяқталған соң бухгалтерлік және статистикалық есепті әзірлеу үшін қаламыздағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінуді ұсынды. Айта кетейік, келесі кездесу  8 мамырда өтеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here