Өзбекстан Республикасында Алматы облысының күндері өтеді

0
885
Фото авторы Ж.Мұсабек

“Қазақстандағы Өзбекстан жылы”  аясында жетісулық алғашқы делегация жолға шықты. Ташкент қаласында өтетін Алматы облысының күндерінде  Сүйінбай атындағы облыстық филармония, “Алатау әуендері” концерттік бірлестігі, “Құлансаз” және “Үшқоңыр” ансамблінің ұжымы мәдени бағдарлама ұсынады.

Фото авторы Ж.Мұсабек

Баршамызға белгілі, 2018 жыл  Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып белгіленген болатын.  Осы орайда екі ел арасында бірқатар маңызды шаралар бастау алды. 12-15 сәуір аралығында өтетін  Алматы облысының күндері  осынау игілікті істің бастамасы деуге болады. 116 өнерпаз көршілес мемлекетте қазақтың, Жетісудың өнерін паш етеді. Қатысушылар ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасу мақсатында  ұйымдастырылған бұл шара  бауырлас халықтарды одан әрмен жақындастыра түседі деп атап өтті. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының басшысы Данияр Құрамысов  “Бағдарламамыздың ауқымы кең.  Өнер адамы болғандықтан қай елге барсақ, сол елдің өнерін  көрсетуіміз қажет. Осы орайда өзіміздің төл өнерімізбен қатар өзбек халқының да әндерін шырқап, билерін билейміз. Дайындығымыз жоғарғы деңгейде. Айта кетейік, аталмыш шараға орай жаңа сахналық костюмдер тігілді. Біз осы уақытқа дейін гастрольдік сапармен көптеген  шет елді аралап келеміз. Мұндай сапарлардан  өнерпаздар  мол тәжірибе жинайды. Үнемі ізденісте болып, тек алға қарай талпынады. Шығармашылық шабыт алады” -деді.

Фото авторы Ж.Мұсабек

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here