Талдықорғанда жыршылар байқауы өтті

0
116
Бәйтеректі ордам - басты ордам

Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен “Бәйтеректі ордам – басты ордам” атты облыстық жыршылар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – еліміздегі жыршылық, жыраулық дәстүрді жаңғырту, төл өнерімізді ұлықтап, жыршылардың есімдерін кеңінен насихаттау, олардың шығармашылығын өскелең ұрпаққа үлгі ету. Сайысқа 13 өнерпаз қатысып, бақтарын сынады.  Ақын Айтақын Бұлғақов, ҚР Мәдениет қайраткері, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі Абылай Қармысов, “Алатау әуендері” концерттік бірлестігінің директоры, дәстүрлі әнші Абзал Қуанышұлы қатысушылардың өнерін саралап, қазылық етті. Марапаттау сәтінде сөз алған А.Бұлғақов “Баршаңызға мәлім,  еліміздің түкпір-түкпірінде жыраулық мектеп бар. Облыс басшылығы аймағымызда  кенжелеп қалған үрдісті қолға алып, бір жүйеге келтіруге атсалысуда. Елбасымыз айтып өткендей ұлттық кодымыз төл өнерімізде жатыр. Қазақтың батырлар жыры, терме-толғауы, қисса-дастандары, ауыз әдебиеті, бұл, тұнып тұрған тарих. Ана сүтімен дарыған төл өнерімізді жас ұрпаққа мейлінше насихаттау қажет”-деп аталмыш байқаудың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here