Танымал спортшылар шеберлік сабағын өткізді

0
203

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев пен Азия чемпионы Ербол Қоңыратовтың қатысуымен «Жастар» спорт кешенінде балуандарға шеберлік сабағы өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Дереккөз

Мұндағы мақсатжас жеткіншектерге жетісулық чемпиондарды үлгі етіп, олардың спорттағы жетістіктерін насихаттау. Жиында алдымен Алматы облысы дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев сөз алды. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан шараның маңызына кеңінен тоқталып, жас балуандарға сәттілік тіледі.

Мұнан соң даңқты спортшылар бозкілемде өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сыныбын бірінші болып бастаған Н.Теңізбаев күрес кезінде жиі қолданған сүйікті әдісін айтып, балуандарға оны қалай іске асыру керек екенін үйретті. Ал, Е.Қоңыратов қарсыластан қалай қорғану керек және әдіс тәсілдердің оңай жасалу жағын көрсетті.

Шеберлік сабағынан кейін жас балуандар даңқты балуандардың қолтаңбасын алып, естелікке суретке түсті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here