Елбасының жарлығы: Кеген мен Райымбек аудандары екіге бөлінді

0
174
Дереккөз

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы Райымбек ауданын екіге бөлу туралы қаулы қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз бөлімі.

Жарлықтың толық мәтіні.

«Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген қаулыда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here