Киіз үйді айнала жүгірген бала құсамай

0
138
дереккөз

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген. Көк жайлау. Жан біткен абыр-сабыр. Қаз-қатар тігілген ақшаңқан үйлер көздің жауын алады. Тойлы ауылға қарай асыға ағылған салт аттылардың санында есеп жоқ.

Алдын-ала келіп жайғасып алған қарақұрым халықтың біразы  ақындар айтысының басталар сәтін тағатсыздана күтуде. Бірде жер жаңғыртқан Шәмші әнінің әсем сазды әуені көтерілді. Қыз-жігіттер ән ырғағына беріліп, қос-қостан дөңгелене билей жөнелді. Осы сәтте шарап буына сәл лепіріп алған Бәдет деген аласа бойлы ауылдасым бір еңгезердей семіз әйелді биге шақырды. Бәдеттің бойының аласалығынан әлгі әйелдің не иығына, не қолтығына қолы толық  жетпейді. Топ ортада елден ерек екеуі ғана көзге түседі. Сонда  орнынан ұшып тұрған Тілеухан Затыбаев деген ақын жігіт:  «Қойсаңшы ей, Бәдет, киіз үйді айлана жүгірген бала құсамай» -дегені.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here