Жаңа туынды оқырманға жол тартты

0
220
Автор

Қазақ рухнияны тағы бір туындымен толықты. Алматы облысының құрметті азаматы, кезінде өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына зор үлесін қосқан, бүгінде облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Әбдіғали Бектеміров өзінің «Өмірге менің өкпем жоқ» атты кітабының тұсауын кесті.

Әбдіғали Қойбасұлын үзеңгілес құрдастары сонау комсомол кезінде талай жұмыстың бетін қайырғанын біледі. Бірнеше аудандарда басшы болып, көрген, білгені, түйгені көп азамат.

Аталмыш туынды мемуарлық жинақ ретінде жарық көріп отыр. Яғни, бұл өмірбаяндық кітапқа автордың естелік жазбалары арқау етіп алынған. Ә.Бектеміров тек өз ғұмырын ғана емес, кешегі келмеске кеткен кеңестік кезең мен тәуелсіздіктің тәй-тәй басқан алғашқы жылдары туралы және заман мен замандастары жайлы тереңнен сөз қозғайды.

Жаңа туындының тұсаукесеріне көпшілік «Тауық сойса да қасапшы сойсын» деген ниетпен кітаптың лентасын қиюды Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әли Ысқабаевтан сұрады. Артынша, жиналған қауым кезекпен сөз алып, Әбдіғали Қойбасұлына құтты болсын айтты. Жылы лебіздерін білдіріп, кітаптың ерекшелігіне тоқталды. Ойы анық, тілінің тартымдылығын айтып, жас ұрпаққа үлгі болар тағылымдық қыры мол екендігін алға тартты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here