Жаңа серпін, жаңа леп

0
154
Дереккөз

 «Наурыз» — қазақ халқының көнеден жеткен көктем мерекесі, жаңа жылы. Парсы тілінде нау — жаңа, роз -күн дегн сөз. Бұл екі сөз қосылып «жаңа жыл» деген ұғым береді.

Қазақ халқы уақыт септеуде бағы заманнан бері дәстүрлік он екі жылдық күнтізбені қолданды. Осы мүшел жылының басы күн мен түннің көктемдегі теңелуімен (күн тоғысуынан)бастап  22 — наурызды «ұлыс күні» немесе «наурыз» деп атады. Мүшел жыл да 22 — наурыздан бастап есептелінді. Бұл мезгіл қыс өтіп қар кетіп, шұрайлы жаз жетіп, көктің көгерген, төрт түліктің өсіп көбейген, жыл құстарының келген мезгіліне сәйкес келеді. Жалпы халық жаңа жылды ерекше қарсы алған. Қыста сойған (ірі қара басы) соғым етін қосып, 7 -9 дәм түрі салынып, құрт, қатық қосқан «наурыз»- көжені дайындаған. Оны әр үйді аралап жүріп, үлкен-кіші батасын беріп ішетін болған. Наурыз- береке мен бірліктің, молшылықтың, жалпы шаруашылық ме-рекесі екендігін халқымыз жақсы біледі. Той-думанда ән шырқалып, шалықтап күй төгіліп, түрлі ұлттық ойындар ойналған.
Наурыз түркі тілдес халықтарда мұсылман дінінен мыңдаған жыл бұрын қалыптасқанын ескерсек, мейрамнан ешқандай діни сипатты байқай алмаймыз. Заман, уақыт, көне мерекеміз де жаңа    сипат алуда. Көне наурызды тойлауда түрлі үлттық ойындар ойналып, жарапазан да айтылған. Көне ойындарда-тоғызқұмалақ, жамбы ату, садақ тарту, арқан тарту, палуан күрес т.б. Ат үстіндегі ойындары-жорға салу, бәйге шабу, қыз қуу, сайыс, орамал алу т.б. Осыған орай түрлі асық ойындарын айта кетуге болады. Қазіргі заманға сәйкес осы ойындардың біразы халықтық ойындарға айналып, спорттық бағыт алып келеді. Әсіресе ат спорты, тоғызқүмалақ, дойбы, шахмат, гір көтеру, білек күшін сынау жақсы белең алды. Осылардың ішінде ежелгі ұлттық ойынымыз асық кенжелеу қалып отыр. Осы үлкен де кіші де құмар ойынымызды қайта қалыптастырсақ, жақсы болар еді.   Енді  Наурыз  мерекемізге қайта оралсақ,  көне заманымыздың рухани ұлттық мерекесінің белгілері: қазақ үй, ұлттық байрақ, түрлі ұлттық ою — нақыштар және қазағымызға тән тағамдар, ең бастысы наурыз көже, Қазақтың ертеден келе жатқан қонақжай, дархан ел екендігі  көпке мәлім. Олай болса, жылына бір келетін мерекемізде наурыз көже бейберекет сатылымда болмағаны дұрыс сияқты. Бұрындары наурыз көжеге көрші — қолаңдар  шақырылып, дәм татқызылған, бата берілген, ауыл — аймақ үйлерінің есіктері ашық тұрған. Ең бастысы наурыз мерекеміз қасиетті дәмімізбен, түрлі ұлттық ойындарымызбен қастерлі.  Бүгін ше? Әр жерде  наурыз көжеміз саудаланып жатады. Дәмдері татымды болып жатса бір жақсы. Бұған қоса әр бұрышта, әр түрлі қалтарыста пайда үшін беру де тым ерсі. Жастарымыз «жаңа жыл» деп ескі әдетке  салынып, ішетіндері де өрескелдік. Қонақ  келсе, жалғыз қойымызды сойып тастайтын мырзалығымыз қайда деген ой келеді. Олай болса жылына бір — ақ рет келетін мерекемізде наурызкөженің жұртқа сатылмағаны дұрыс па деп түсінем. Енді аты әйгілі қара шаңырағымыз туралы да айтар болсақ.
Қазақ үй десек, ежелгі салт — дәстүріміз, қонақжайлылығымыз еріксіз еске түседі. Үйді ұлттық ою, өрнек нақышында безендіруімізді ерекше құптарлықпен айтқанымыз жөн болар.
Сырты өте әсем, тамаша! Бірақ осы үйге кіре алмай, есігінен сығалап кетіп жатқандарды көрсең, еріксіз ішің ашиды. Көретін комиссия да көпшіліктің бір мүшелері емес пе?    Ойымыздың түйіні — ежелгі халқымыздың қанына сіңген ұлттық мерекеміз заман талабына сай өзгеріп, дамып отыратындығы — заңды құбылыс. Тек оны мәдени, рухани жаңа дәстүрде ұрпағымызға жеткізіп отырсақ, біз үшін баға   жетпес байлық — сол.
Ұлыс оң болсын! Тәуелсіз еліміз көктемдей гүлдеп, құлпыра берсін!

Наурыз — Еліміздің бақыт таңдары,
Наурыз ару — қуаныш жыр наздары,
Қиқулаған тырна, аққу, қаздары.
Сылаңдаған жылға, желек көк жұпар,
Гүл мереке, — Елімнің бақ таңдары.

 Серікбай Тұрлан.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here