«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қолға алынды

0
269
Автор

Алматы облысында «Қазақстан-2050» демократиялық күштердіӊ жалпыұлттық коалициясы жұмыс жасауда. Осыған орай бүгін Талдықорған қаласында орналасқан Тіл сарайында алқалы жиын өтті. Оған еліміздегі барлық саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға келгендер күн тәртібінде бір ғана мәселе қарады. Қазақстан халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқыға салып, өзара пікір алмасты. Жолдауды жүзеге асыруға байланысты ұсыныстарын айтып, Елбасының үндеуін қолдайтындықтарын білдірді.

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, коалиция төрағасы Ғалиасқар Сарыбаев:

— Елбасының аталмыш үндеуін орындау ең алдымен «Нұр Отан» партиясына жүктелген болатын. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық бірыңғай күні аясында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жергілікті жерлерде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, бүгін осының біріккен отырысын өткізудеміз. Бүгінгі күні кез келген партия саяси күш болып табылады. Біз сол себепті облысымыздағы бес партияның мүшелерін шақырып, Елбасының үндеуіне орай қандай жұмыстар атқару керектігін талқылау үшін жиналдық, — дейді Ғ.Сарыбаев.

Сондай-ақ, коалиция төрағасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» нақты, дер кезінде жарияланған үндеу екенін айтады. – Бұл жалпы қазақстандықтарға арналған жоба. Себебі онда ең бастысы баспанамен қамту, балаларды оқыту, шағын және орта бизнесті дамыту, газбен қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп отыр. Осының барлығы халықтың өмір сүруі деңгейін жақсарту үшін жасалған. Біз осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз, — деді.

 

Демократиялық күштердіӊ «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы қазақстандықтарға арнап үндеу жариялады. 

 ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Мемлекет басшысы ұсынған «Бес әлеуметтік бастама» — бұл қазақстандықтардыӊ ұлттық және әлеуметтік бірлігініӊ мықты шоғырландырылған платформасы.

Мемлекет басшысы әлеуметтік мемлекет құндылықтары мен әлеуметтік әділеттіліктіӊ қағидалары біздіӊ мемлекетіміздіӊ өзгеріссіз стратегиялық басымдығы болып табылатынын атап өтті.

Елбасы барлық қазақстандықтарға жақын және түсінікті нақты іс-қимылдар бағдарламасын айқындады.

Қолжетімді тұрғын-үймен, сапалы және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамту, халық табысыныӊ өсуі — бұл әлеуметтік саясатты тиімді жаӊғырту үшін уақытылы қабылданған шаралар.

Президенттіӊ бес әлеуметтік жобасы әлеуметтік әл-ауқаттылық пен халық бірлігі Тәуелсіз Қазақстан дамуыныӊ басты басымдығы екенін тағы да дәлелдеді.

Бұл бастамалар ұлттық мүдделер мен қазақстандықтардыӊ әл-ауқаты Елбасымыздыӊ Мемлекеттік бағытыныӊ негізі екендігін де дәлелдейді.

Еӊ қиын экономикалық жағдайлардыӊ өзінде мемлекеттіӊ әлеуметтік міндеттемелері ұлттық күн тәртібінде өзектібасымдықтар болып қалуда.

Біз Мемлекет басшысыныӊ жаӊа әлеуметтік бастамалары барлық азаматтардыӊ өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз етіп, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық әл-ауқаттыӊ прагматикалық қазақстандық үлгісініӊ негізін қалыптастыратынына нық сенімдіміз.

Жаӊа міндеттер мемлекеттік органдар мен жалпы азаматтық қоғамдастықтыӊ үйлесімді, тиімді жұмысын талап етеді.

Біздіӊ Коалициямыздыӊ барлық мүшелерін, азаматтық қоғамныӊ барлық өкілдерін осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамыз.

Халықтыӊ қатысуы және халықтық бақылау — Елбасымыздыӊ әлеуметтік бастамаларыныӊ тиімді іске асырылуыныӊ кепілі.

«Нұр Отан» партиясы, «Ақ Жол» Демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан Республикасыныӊ кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан кәсіпкерлерініӊ форумы» заӊды тұлғалар бірлестігі, «G-Global Халықаралық хатшылығы» қауымдастығы» заӊды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заӊды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан украиндарыныӊ радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанныӊ дағдарыс орталықтары одағы» заӊды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанныӊ азаматтық альянсы» заӊды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ғылымдар академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық инженерлік академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаӊару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларыныӊ ұлттық лигасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанныӊ іскер әйелдері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерініӊ конфедерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қарулы күштер ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларыныӊ ұлттық лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестік, «Республикалық әйелдер кеӊесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанныӊ кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан жазушыларыныӊ одағы» қоғамдық бірлестігі,»Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарыныӊ қауымдастығы, «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі,»Қазақстан-2050″ Жалпыұлттық қозғалысы, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарыныӊ одағы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Президентініӊ «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарыныӊ қауымдастығы, Демократиялық күштердіӊ «Қазақстан-2050» Астаналық аймақтық коалициясыныӊ мүшелері.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here