Құнды мұралар қорға тапсырылды

0
232

М.Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ресейлік суретші, мүсінші, архитектор Маргарита Ващенко салған қазақтың дүлдүл ақыны Сара Тастанбекқызы бейнеленген мұралар салтанатты жағдайда музей қорына тапсырылды.

Туындылар жеті ай бұрын Мәскеу қаласынан «Нақ-Бірлік» қоғамдық ұйымының тікелей ат салысуымен, Бауыржан Оспанов сынды меценаттардың ,ақынның шығармашылығын дәріптейтін азаматтардың арқасында елге жеткізілген болатын. Қазақстан халқының атынан сол туындыларды елге әкелу жауапкершілігі «Нақ-Бірлік» қоғамдық ұйымының төрайымы, Алматы облысы аналар алқасының мүшесі Салтанат Меңлібаева мен Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Әбілқайыр Ораловқа жүктелген еді.

Музей қорына тапсырылған жәдігерлердің арасында суретшінің түрлі бояулармен сомдаған ақын Сараның 3 бейнепортреті мен Біржан — Сараның айтысы өткен (1871) «Тоғызқұмалақ» бөктерінің көріністері суреттелген барлығы 13 дана туынды, Шәкәрім Құдайбердиев пен Шоқан Уәлихановтың шағын бюсттері және басқа да құнды құжаттар бар.

Шараға қатысқан азаматтар ақынның дүниеге келгеніне 165жыл толу қарсаңында орын алған оң оқиғаның тарихи маңыздылығына тоқталып, құнды дүниелердің халыққа кеңінен насихатталатынына сенім білдірді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here