“ZOR” — Махаббат. Достық. Өзгеріс.

0
209
Фото авторы А.Нұршанов

Қазақ киноиндустриясы қарыштап дамып келеді. Оған әр түрлі жанрдағы отандық туындылардың  күн санап артуы  дәлел. Кино әлемінің қоржыны жасөспірімдер өмірінен сыр шертер  тағы бір картинамен толықты. Күні кеше қаламыздағы мәдениет сарайында аталмыш фильмнің тұсаукесері өтті.

дереккөз

Оқиға желісі жас жігіт Айдынның Ақтау қаласынан Алматыға  қоныс аударуынан басталады. Басты рөлдерді эстрадада өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген  BN тобының мүшелері және Еркебұлан Тохтар, Адина Бажан мен Мария Ли сомдайды.

Фото авторы А.Нұршанов

Бұл жөнінде “Өзімізге бекітілген рөлдердің характерін ашуға тырыстық. Айта кетерлігі, біздің топтың өміріне ешқандай қатысы жоқ. Яғни, мұндағы әр кейіпкердің өз хикаясы бар”-дейді. Топтың тырнақалды жұмысы болғандықтан түсірілім барысында қызықты сәттермен қатар түрлі қиындықтар да орын алған.  Жаңа бастаманың кәсіби тұрғыдан болуын басты назарда ұстаған  өнерлі  жастар актерлік шеберліктерін дамыту барысында  арнайы мамандармен дайындық жүргізген.

Фото авторы А.Нұршанов

Экшн-драма  жанрындағы киноның экран алдындағы әрбір көрерменге өмірлік сабақ берер тұстары да жоқ емес. Қарттар үйін паналаған  жандарға  қолғабыс етер бір топ жастардың игілікті істері мейірімділікті, қиын-қыстау кезеңде өзгеге қол ұшын соза білу керектігін насихаттайды.

дереккөз

Сонымен қатар, жас буынның салауатты өмір салтын ұстануы, достық қарым-қатынасқа адалдық және кіршіксіз махаббат та баяндалады. Айта кетейік, аталмыш топ күнделікті өмірде де қайырымдылық шараларымен жиі айналысады.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here