Барлық сый-құрмет аналарға

0
167

Білім саласында аянбай  жұмыс жасап, тер төгіп жүрген  ұстаздар қауымына айтылар тілек әрдайым толастамайды. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған аумақтық ұйымы «Бар сый аналарға» атты салтанатты қабылдау өткізді.

Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров білім саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлерін қабылдады. Қоғамның дамуына айырықша үлес қосқан аналарға ерекше сый-сыяпат, құрмет көрсетілді. Салтанатты қабылдау барысында ұйым төрағасы көпбалалы ақ жаулықты аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, гүл  шоқтары мен ақшалай сыйлық табыстады.

Сонымен қатар,  Талдықорған аумақтық ұйымы жанынан құрылған педагогикалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Болат Тұрысбеков, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерлан Хаймолданов  өз  тілектерін білдірді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here