Ұлт тағдырын ойлағандар

0
304

Қазақ халқының саяси санасының оянуына, ұлт-азаттық қозғалыстың дами түсуіне, қазақ қауымында да отарлық езгіге қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси күштің қалыптасуына жол ашқан — Алаш қозғалысы еді. Оның басында  Ресейдің Санкт-Петербург, Мәскеу сияқты қалаларында оқыған, өз заманына сәйкес жоғары білім алған, озық ойлы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай  және т.б. сол кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы зиялылары болды.

1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында өткен бірінші Бүкілқазақтық съездің шешімімен  тұңғыш ұлттық-демократиялық «Алаш» саяси партия  дүниеге келді. Семей қаласында оянған дәуіріміздің ұлы оқиғасы- тарихи жолға жөн сілтеді. Алайда ғұмыры ұзаққа бармады.

Тәуелсіз ел болу жолында өмірін қиған арыстар сұрқия саясаттың құрбаны болды.  Әлихан Бөкейханов: « Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек. Болашақ жастарға аманат»-депті.

Бұл деректерді  Талдықорған өндірістік- индустрия және жаңа  технологиялар колледжінің тарих пәні мұғалімдері ұйымдастырған « Ұлт тағдырын ойлағандар» атты шарадан   тарихқа  көз жүгірттік.  Тарих пәнінің оқытушысы  Б. Бакетова ең алдымен шара мақсатына тоқталды. Елбасының  «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында алаштықтардың еңбегін, ерлікке, тағлымға толы істерін жас ұрпаққа дәріптеуді мақсат тұтқан.

   І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің  Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, магистр Қуанған Өнербек ,  Алашорданың құрылуы, зиялылардың ой-арманы турасында ой бөлісті. «Алаш арманы- бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше әрбір азамат осыдан  жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеяларға зер сала қарауымыз керек. Алаш идеясы- ұлттық идеология. Ол отаншылдыққа, татулыққа, бірлікке үндейді, ал бұл  қазіргі таңдағы саясатымыздың негізі. Қазақ елінің тәуелсіз  даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге жету, оқу-ғылымды дамыту- орындалған  арман»-дейді жас ғалым.

Осы кеште Титақов Мұхтизар  Түлікұлы туралы сөз қозғалды. Мухтизардың әкесі Түлік Төребайұлы   Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың жеке хатшысы және тілмаштық қызмет атқарған, зиялылармен бірге жүріп, ұлы идеяларды іске асыруда өз үлесін қосты. Осы оқу орнының ұстазы,  Титақов Мұхтизардың нағашы немересі   Гүлмира Еркінбаева жазықсыз жапа шеккен жан турасында айтып берді.

Ал колледж жастары Түлік Төребайұлы  баласы Мұхтизар Титақовпен бірге 1935 жылы алаштықтар өмірі мен саясатынан жазып қалдырған « Мұрат үшін майдан» атты пьесасынан үзінді көрсетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here