Электрондық жүйенің тиімділіктері

0
504
Фото А. Нұршанов

Бүгінде сот ісіне қатысты қандай да бір арыз-шағымды электрондық үлгіде жіберуге болады. Ал, электрондық жүйе біріншіден, халықты қағазбастылықтан арылтса,  екіншіден, сот ісінің әділ, әрі ашық  өтуіне мол мүмкіндік береді дейді мамандар. Мәселен, өткен жылы жалпы Алматы облыстық сотына 70 мыңнан астам арыз, 880 шағым электронды түрде келіп түскен. Бұл туралы Талдықорған қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз-мәслихатында айтылды.

БАҚ өкілдері алдында сөз алған облыстық соттар әкімшісінің басшысы Манас Бурашев: «Жаңа, инновациалық технологияға ауысу заман талабы. Қазір әрбір сот ісінің жариялы өтуі үшін жаңа жүйені кеңінен қолдануға бар жағдай жасалған. Атап айтсақ, қазір аймақта 89 сот отырысына арналған арнайы зал бар. Олардың барлығы аудио, бейнежазба құралдарымен жабдықталған. Осы арқылы ондағы сот ісінің әділ өтуін алыстан  қадағалап, ары-бері жүрмей-ақ уақыт үнемдеуге болады. Сонымен бірге  бейнебайланыс және компьютерлік техника, SMS-хабарлама, электрондық талап-арыз қабылдауға да қолайлы. Әрі жаңа жүйе сот мамандарының жұмысын да барынша жеңілдетті. Міне, бұл  кез келген азамат пайдалануына болатын, электрондық сот төрелігінің тың мүмкіндіктері» – деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here