Өлім мен өмір арасы Азамат Нұрмұхан

1
224
дереккөз

(Ауған соғысы Ардагерлеріне)

Сұрапыл соғыс қан майдан,

Бақпенен сор маңдайдан.

Иыққа қару асынып,

Жар бол деп Алла қол жайған.

 

Елменен туған жерді ойлап,

Сұмдықты небір көрді айлап.

Азанға құлақ түргенмен,

Қазанда жатты сор қайнап.

 

Бауырлап барып бөктерге,

Бауырға әрең жеткенде.

Ажалы көзге көрінген,

Ажары суып кеткенде.

 

Қалдырған артқа жол қанша?

Жаңғырып тау, тас қорғанса.

Өлгенім артық деді олар,

Мүгедек адам болғанша.

 

Төнгенде қауіп-қатер кеп,

Жат елді жүрді мекендеп.

Шалғайда оқты атылған,

Маңдайға тисе екен деп.

 

Кандагар  — жұмбақ даласы,

Қан жұтты қанша қарашы.

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Өлім мен өмір арасы.

 

Өткенің неткен шерлі еді,

Елімнің ерен ерлері.

Қадірің қымбат, қаhарман,

Ауғанның Ардагерлері..!

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

1 Пікір

  1. Өнеріңнің өрісі кең болып, қаламыңның сиясы таусылмасын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here